Information » Страница 6 » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі Education Department of Kerbulak district
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
Бастауышым- балбұлағым
21
May
2022
Бастауышым- балбұлағым
 Алғаш  қолдарына қалам ұстатып,  оқушылармен  бірге қуанып,  әріпті танытып, білім нәрімен сусындатқан бастауыш сынып  мұғалімдердің еңбегі шексіз.   "Бастауышта алған білім, жырларым, азық болар, мәңгі талай жылдарға" демекші 4 сынып оқушылары  "Қош бол,бастауышым - балбұлағым"  тақырыбында кеш өткізді.
1мамыр достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі
03
May
2022
1мамыр достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі
   1мамыр достық, сыйластық пен ынтымақ мерекесі қарсаңында бастауыш сыныптар арасында "Қазақ елі-татулық мекені" атты фестиваль бастауыш сыныптардың оку-тәрбие орынбасары А.Мүлкібаеваның ұйымдастыруымен өтті. 
"Ұлттың ұлы ұстазы"
03
May
2022
"Ұлттың ұлы ұстазы"
   16 сәуір күні Т.Рысқұлов ауданы,Абай ауылы,Абай орта мектебі базасында өткен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Ұлттың ұлы ұстазы" атты облыстық пікірсайыс турниріне мектебіміздің "Жалын "дебат клубының мүшелері Айдар Айнұр мен Достай Арайлым қатысып,"Best делегация"номинациясын иеленіп қайтты.Дебат жетекшісі Менисова Гүлназ Ешенханқызы 
Облыстық Әбіш оқулары байқауы
29
April
2022
Облыстық Әбіш оқулары байқауы
           Мектепішілік лездемеде мектеп оқушыларының Республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.Облыстық Әбіш оқулары байқауының ІІІ орын иегері 9-сынып оқушысы Шоқан Мерей, аудандық А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған байқау жеңімпаздары Өтебай Аружан,Тұрсын Ақерке,Саранжаб Аянат марапатталды.
А.Байтұрсыновтың 150жылдығына арналған интеллектуалды байқауы
20
April
2022
А.Байтұрсыновтың 150жылдығына арналған интеллектуалды байқауы
    2022 жылдың 20 сәуір күні А.Байтұрсынов мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық А.Байтұрсыновтың 150жылдығына арналған интеллектуалды байқау өтті. Байқаудың мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу,мектеп оқушыларын танымдық деңгейін дамыту,ұрпаққа үлгі ету. Байқау үш номинация бойынша жүргізілді: Бірінші номинация бойынша А.Байтұрсыновтың өлеңін жатқа оқудан 2- орынды Қ.Рысқұлбеков о.м. оқушысы Саранжаб Аянат. Жетекшісі:Шөкеева Ғ. Қаз.т. мен әдеб. мұғалімі. Екінші
Жарайсың палуан,алар асуың көп болсын!
18
April
2022
Жарайсың палуан,алар асуың көп болсын!
  Шымкент қаласында Қазақ күресінен 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысып, І орынды мектебіміздің 8 сынып оқушысы Бекберген Ғалымжан жеңіп алды. Жарайсың палуан,алар асуың көп болсын!!!
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында жарыс
13
April
2022
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында жарыс
 "Біз террояяризм мен экстремизге қарсымыз"  ұранымен қазақ күресінен 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир Бірлік ауылдық дене шынықтыру және  спорт бөлімі, аудандық  бұқаралық спортты дамыту орталығы өткізді. Жарысқа  ардагер ұстаз, Қазақстан  спорт шебері  Е.Жұмабаев, ауыл ақсақалы  М.Тәжібаев,  аудандық  бұралық спортты дамыту  орталығының басшысының  орынбасары С.Ынтықбаев, мектеп директоры А.Салибеков қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.
1сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүргізіледі.
01
April
2022
1сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ
  1сыныпқа құжаттарды қабылдау 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап EGOV.KZ электрондық үкіметінің порталы арқылы жүргізіледі.Өтініштерді ағымдағы жылдың 1тамызына дейін қабылданады. Балаларды 1сыныпқа қабылдау үшін қажетті құжаттар: •Ата-аналарынан өтініш; •Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі; •Денсаулығы туралы анықтамасы(медициналық паспорт); •063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат; •3/4 фото сурет 2 дана. 
Қайырымдылық — адамның асыл қасиетті
06
March
2022
Қайырымдылық — адамның асыл қасиетті
  Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің бірі. Кісінің айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым-қатынастарын білдіреді.Осы мақсатта мектептің әлеуметтік педагогы Ш.Тлеулиеваның жұмыс жоспарына сәйкес мереке қарсаңында "Біз біргеміз" атты акция ұйымдастырылды."Жас ұлан"ұйымы мүшелерінің қатысуымен өткен қайырымдылық жәрмеңкесінен түскен қаражатқа ауылымыздың көпбалалы,жалғызбасты аналардың балаларына азық-түлік беріп,қайырымдылық жасады. 
"Көктем аруы-2022" байқауы
04
March
2022
"Көктем аруы-2022" байқауы
   Тәлімгер Ж.Помашеваның ұйымдастыруымен "Жас Ұлан" балалар мен жасөспірімдер ұйымының жоспарына сәйкес, 8 наурыз Халықаралық әйелдер мерекесіне орай "Көктем аруы-2022" байқауы 7-8 сынып қыздары арасында өткізілді.Байқауға қатысқан қатысушылар үлкен дайындықпен келіп, жүлделі орындарға ие болды.Бас жүлдені 8 "а"сынып оқушысы Достай Айым, І орын 7 "ә"сынып оқушысы Әбдіқадыр Айым, ІІ орын 7"в" сынып оқушысы Мейрамбек Балжан, ІІІ орын 7 "б" сынып оқушысы Айтпақ Еркеназ иеленді.