13
April
2022
Қазақ күресінен жасөспірімдер арасында жарыс


"Біз террояяризм мен экстремизге қарсымыз" ұранымен қазақ күресінен 2007-2009 жылы туылған жасөспірімдер арасында аудандық ашық турнир Бірлік ауылдық дене шынықтыру және спорт бөлімі, аудандық бұқаралық спортты дамыту орталығы өткізді. Жарысқа ардагер ұстаз, Қазақстан спорт шебері Е.Жұмабаев, ауыл ақсақалы М.Тәжібаев, аудандық бұралық спортты дамыту орталығының басшысының орынбасары С.Ынтықбаев, мектеп директоры А.Салибеков қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.