Оқушылардың жазғы демалысы аясында
Жамбыл облысы әкімдігінің білім
басқармасының Мойынқұм ауданы білім
бөлімінің басшысы Ж.С.Жазықбаевқа
Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінен
Хабарлама
«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Мойынқұм ауданының білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 23 мамыр 2023 жылғы №191 бұйрығына сәйкес 2022-2023 оқу жылында оқушылардың жазғы демалысын, бос уақытын ұйымдастыруы Қ.Рысқұлбеков орта мектебінің мектеп жанындағы лагері мектептің күрделі жөндеудің жүргізілуіне байланысты Бірлік ауылындағы «Желтоқсан» клубының ғимаратында өткізіліп жатыр. Лагерьге ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларының 21 оқушы қамтылды. Мектеп жанындағы лагерьде бір мезгіл тамақ ұйымдастырылды.Лагерь жетекшілері таңертең оқушыларды қабылдап алып, таңертеңгі жаттығу жұмыстарын жүргізеді. Балалардың денсаулығын нығайту және спортқа деген қызығушылықтарын аттыру мақсатында, спорт жетекшілері әртүрлі ойындар ұйымдастырып, эстафеталық ойындар жүргізуде. «Менің отбасым» тақырыбында балалардың табиғи қабілетін қабілетін ашу,шығармашылығын дамыту мақсатында коллаж ұйымдастырылып, сурет байқауын өткізді. Мейірімділікке , өзін-өзі сыйлауға, бір-біріне қолдау көрсетуге , достық қарым-қатынасты қалыптастыру мақсатында психологтар түрлі тренингтер мен ойындар ұйымдатыруда. Медбике жаз айларында түрлі улы жәндіктерден сақтанудың алдын алу бойынша «Кенеден сақтан!» тақырыбында кеңес өткізді. Тәрбиешілер мақал –мәтел айтудан жарыс өткізіп, ертегілер ішіндегі кейіпкерлерлерді рольге бөліп оқып, өз ойларынан өтірік өлеңдер құрастырды. Оқушылар тақпақтар оқып, , сол тақпақтың ұйқасын тауып, өлең жолдарын жалғастырды. Ермексазбен «Жаз» , «Мысық» бейнесін жасап, асфальтқа сурет салды. Ең жақсы деген суреттер анықталып, лагерь соңында марапаталмақшы. Schoolchildren «ерте,ерте ,ертеде...» аудио-видео құрылғылары арқылы «Түлкі мен Арыстан», «Алдар көсе» ,т.б ертегілері көрсетілді.
Мектеп директоры: А.Салибеков
Дайындаған: Әлеуметтік педагог Ш.Тлеулиева

