«Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімі Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бойынша «Мектепке тағзым» шарасы аясында
Тәжібаев Қуатбек Ыдырысұлы 1936 жылы қазан айының 15-інде Жамбыл облысы Көктерек (қазір Мойынқұм ) ауданының орталығы Бірлік ауылында дүниеге келген. Әкесі Ыдырыс,шешесі Дәкен қарапайым еңбек адамдары
еді ,олар колхозда егін шаруашылығы саласында жұмыс істеді.
Қ.Тәжібаев 1943 жылы туған ауылында алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.Қазір бұл мектеп 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған, еліміздің аяулы ұлы ,Халық Қаһарманы Қайрат Рысқұлбековтың есімімен аталады.
1953 жылы Қ.Тәжібаев орта мектепті үздік бітіріп шықты,ол Көктерек ауданының тұңғыш медалисі еді. Қияндағы ауыл мектебінің түлегі Қ.Тәжібаев арман арқалап, 1953 жылы елдің сол кездегі орталығы Алматы қаласындағы Таукен институтына (қазір Политехникалық университет)түсіп, 1958 жылы оны инженер-геофизик мамандығы мамандығы бойынша ойдағыдай бітіріп шыққан жас маман еңбек жолын Жамбыл облысындағы Шу (бұрынғы Ворошиловка ) ауылы геофизикалық экспедициясында инженерлік қызметтен бастап ,кейін сонда геофизикалық барлау отрядын басқарды.1960-1961 жылдары Қ. Тәжібаев комсомол (жастар) жұмысына алынып, Көктерек аудандық комсомол комитетінің хатшысы болып сайланды. 1963-1965 жылдары Жамбыл облыстық комсомол комитетінде ,Мемлекеттік бақылау комиссиясының облыстық басқармасында аға инспектор және 1965-1969 жылдары Жамбыл (қазір Тараз) қалалық партия комитетінің нұсқаушысы қызметін атқарды.
1969 жылы ол арнайы жолдамамен Мәскеу қаласындағы Дипломатиялық академия қатал сынақтан өтіп түсті де, оқуын 1972 жылы ойдағыдай бітіріп, Кеңес Одағы Сыртқы істер министрлігінің І Қиыр Шығыс бөліміне ІІІ хатшылық қызметке келді.Аталмыш мектепте моңғол, неміс және ағылшын тілдерін жақсы игеріп шықты.Министрлікте бір жыл қызмет істеген соң оны Моңғол Халық Республикасының шығысында (Чойбалсан қаласы) орналасқан Кеңес Одағының Бас консулдығына 1973-1978 жылдары вице-консул болып қызмет атқарды. 1978-1984 жылдары ол Мәскеуге қайтып оралып ,Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында дипоматиялық қызметін ІІ хатшы болып әрі қарай жалғастырды. Содан кейін 1984-1988 және 1990-1992 жылдары Тәжібаев Қуатбек Моңғол Халық Республикасының астанасы Ұлан-Батыр қаласындағы Кеңес Одағының елшілігінде ІІ және І хатшы болып қызмет істеп, екі елдің саяси –экономика, сауда – саттық және мәдени ағарту салаларындағы қарым-қатынастарын нығайтуда абыройлы еңбек етіп,өз үлесін қосты.
Кеңес Одағының ыдырауына байланысты Қ.Тәжібаев бұрынғы Кеңес Одағы Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарған он шақты қазақ дипломат әріптестерімен бірге тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің сыртқы саясаты жолында еңбек ету үшін Алматыға 1992 жылы желтоқсан айында көшіп келді. Егемен еліміздің Сыртқы істер министрлігі жаңа шаңырақ көтеріп жатқан кезде оны қалыптастыруға тәжірбиелі дипломат кадрлар ауадай қажет болатын. Себебі Кеңес Одағы кезінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің аты бар да заты жоқтың қасы болатын,сыртқы саясат тек тек Мәскеу арқылы жүргізіліп отырды.
Алматыға келген соң , ол 1993-1998 жылдары (орталықтың Астанаға көшкеніне дейін) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде Бас консулдық басқарма бастығының І орынбасары және министрліктің кеңесшісі болып қызмет істеді. Іс сапарлармен алыс және жақын елдерге шығып тұрды:Берлинде (Германия), Стамбулда (Туркия), Каирде(Мысыр),Исламбадта (Пәкстан),Үрімжіде (Қытай),Мәскеуде (Ресей),Бішкекте (Қырғызстан), және Ташкентте (Өзбекстан) болып қайтты. Қ.Тәжібаев 40 жылдан аса еңбек етіп,соның ширек ғасырын дипломатиялық қызметте өткізді.Өз еңбек жолының соңғы алты жылы оған ең бір аса елеулі сәттеріндей көрінеді. Өйткені ,ол өмір бойы ата-бабалары аңсап келген Қазақстанның дербес,тәуелсіз мемлекет шағында ,аз уақыт болса да, оның сыртқы саясатына араласты.Қазір дипломатия қызметінің І дәрежелі кеңесшісі Қ.Тәжібаев зейнеткер,еңбек ардагері.
Қуатбек Ыдырысұлы Тәжібаевтың еңбек жолындағы Марапаттары :
Кеңес Одағы(СССР) -12 медаль
СССР марапаттары
1. За безупречную службу, 10 лет
2. За безупречную службу, 20 лет
3. За безупречную службу, 25 лет
4. 20 лет Победы в Великой отечественной войне
5. 50 лет Победы в Великой отечественной войне
6. 60 лет Победы в Великой отечественной войне
7. 70 лет Победы в Великой отечественной войне
8. 50 лет Вооруженных сил СССР
9. 60 лет Вооруженных сил СССР
10. 70 лет Вооруженных сил СССР
11. Ветеран Вооруженных сил СССР
12. 100 лет со дня рождения В.И.Ленина
Моңғол Халық республикасының медальдары мен марапатталуы
1. Найрамдал (Достық)
2. Халхын голын ялалт (Халхин-гол жеңici), 50 жыл
3. Моңғолия Қарулы Күштерi, 60 жыл
Қазақстан республикасының медальдары мен марапатталуы
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл
2. Қазақстан конституциясына 10 жыл
3. Қазақстан астанасына 10 жыл
4. Еңбек ардагері
5. Нәзір Төреқұлов (төс белгі)
6. Қазақстан Республикасы дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қайраткері (төс белгі)
Дипломатиялық рангі:
- СССР дипломатия қызметінің I-дәрежелі I-хатшысы;
- Қазақстан Республикасы дипломатия қызметінің I-дәрежелі кеңесшісі.