31
май
2022
31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні

31 мамыр - саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні - Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 1997 жылдан бастап атап өтіліп келеді. Бұл дата сол күннен бастап Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. «Халық жауларын» анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Әсіресе, сүргіннің шарықтау шегі 1937-38 жылдар аралығында болды. Осы жылдардың қиыншылығын түсіндіру мақсатында сынып сағаттары "Қазақстандағы саяси қуғын -сүргін зардаптары " тақырыбында өткізілді. Тарих пәнінің мұғалімі Менисова Г.Е