Оқушылар жетістіктері » Страница 2 » Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Жамбыл облысы
Мойынқұм ауданы білім бөлімінің
"Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектеп"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Үздік дәптер" байқау ұйымдастырылды.
10
ноябрь
2022
"Үздік дәптер" байқау ұйымдастырылды.
Бастауыш сынып оқушыларын сауатты, көркем жазуға деген ынтасын арттыру мақсатында "Үздік дәптер"  байқау ұйымдастырылды.
"Әулиеата аруы-2022" байқауына қатысып ІІ орын алған  Қ.Рысқұлбеков  атындағы орта мектебінің  11 "ә" сынып оқушысы Айдар  Айнұр
13
октябрь
2022
"Әулиеата аруы-2022" байқауына қатысып ІІ орын алған Қ.Рысқұлбеков
Жастардың әлеуметтік жобаларын, жастар бастамаларын қолдау  мақсатында және дамыту мақсатында "Әулиеата аруы-2022" байқауына қатысып ІІ орын алған  Қ.Рысқұлбеков  атындағы орта мектебінің  11 "ә" сынып оқушысы Айдар  Айнұрды  құттықтаймыз.
"Ұлттың ұлы ұстазы"
03
май
2022
"Ұлттың ұлы ұстазы"
   16 сәуір күні Т.Рысқұлов ауданы,Абай ауылы,Абай орта мектебі базасында өткен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған "Ұлттың ұлы ұстазы" атты облыстық пікірсайыс турниріне мектебіміздің "Жалын "дебат клубының мүшелері Айдар Айнұр мен Достай Арайлым қатысып,"Үздік делегация"номинациясын иеленіп қайтты.Дебат жетекшісі Менисова Гүлназ Ешенханқызы 
Облыстық Әбіш оқулары байқауы
29
апрель
2022
Облыстық Әбіш оқулары байқауы
           Мектепішілік лездемеде мектеп оқушыларының Республикалық, облыстық, аудандық байқаулардың жеңімпаздары марапатталды.Облыстық Әбіш оқулары байқауының ІІІ орын иегері 9-сынып оқушысы Шоқан Мерей, аудандық А.Байтұрсыновтың 150 жылдық мерейтойына арналған байқау жеңімпаздары Өтебай Аружан,Тұрсын Ақерке,Саранжаб Аянат марапатталды.
А.Байтұрсыновтың 150жылдығына арналған интеллектуалды байқауы
20
апрель
2022
А.Байтұрсыновтың 150жылдығына арналған интеллектуалды байқауы
    2022 жылдың 20 сәуір күні А.Байтұрсынов мектебінде 8-11 сынып оқушылары арасында аудандық А.Байтұрсыновтың 150жылдығына арналған интеллектуалды байқау өтті. Байқаудың мақсаты: қазақ халқының әдеби мұраларын дәріптеу,мектеп оқушыларын танымдық деңгейін дамыту,ұрпаққа үлгі ету. Байқау үш номинация бойынша жүргізілді: Бірінші номинация бойынша А.Байтұрсыновтың өлеңін жатқа оқудан 2- орынды Қ.Рысқұлбеков о.м. оқушысы Саранжаб Аянат. Жетекшісі:Шөкеева Ғ. Қаз.т. мен әдеб. мұғалімі. Екінші
Жарайсың палуан,алар асуың көп болсын!
18
апрель
2022
Жарайсың палуан,алар асуың көп болсын!
  Шымкент қаласында Қазақ күресінен 2007-2008 ж.т. жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан Республикасының Чемпионатына қатысып, І орынды мектебіміздің 8 сынып оқушысы Бекберген Ғалымжан жеңіп алды. Жарайсың палуан,алар асуың көп болсын!!!
Үздік оқушы
21
февраль
2022
Үздік оқушы
 Ел тірегі,ертеңіміздің кепілі  болған жас ұрпақты өнер мен білімге баулу мақсатында өткізілген "ЖЫЛ ОКУШЫСЫ-2021" аудандық байқауында Қ.Рысқұлбеков  атындағы орта мектепбінің 10-сынып оқушысы Айдар Айнұр ІІІ- орын иеленді.
Озаттар-білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы
21
февраль
2022
Озаттар-білім саласы үздіктерінің энциклопедиясы
Қ.Рысқұлбеков мектебінің қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, Балалар мен жасөспірімдер орталығының Бірлік филиалындағы "шешендік өнер" өнер үйірмесінің жетекшісі: Нұрғалиева. Н. Республикалық  "Озаттар-білім саласы" үздіктерінің энциклопедиясы жинағына еніп,білім саласының үздік қызметкері атанды. Оқушылары Егемберді Мадина, Өтебай Аружан, Шохан Мерей төсбелгі және озаттар энциклопедиясына енгізілді.
Дарынды оқушы
07
февраль
2022
Дарынды оқушы
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты бағдарламалық мақаласын насихаттау мақсатында өткізілген  "ҚР 100 дарынды оқушысы" атты байқаудың  жеңімпазы 5 "б" сынып оқушысы Несіпбай Бинұр.