03
октябрь
2022
"Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында 1 қазан қарттар күніне орай ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды.
Ағымдағы жылдың 30 қыркүйек күні мектебімізде өзгенің уақытын аялай, өз уақытын аямай шәкірт тәрбиелеу ісінде талмай еңбек еткен ұстаздарымыздың қажырлы еңбектерін, жемісті жетістіктерін жас буын өкілдеріне насихаттау мақсатында "Қарттарым-асыл қазынам" тақырыбында 1 қазан қарттар күніне орай ардагер ұстаздармен кездесу ұйымдастырылды. Шараға ардагер ұстаздарымыз,Бірлік ауыл әкімі Қ.Оспанов, мектеп директоры А.Салибеков, ұстаздар мен білім алушылары қатысты.