Ашық орган - Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/ ru Ашық орган - Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесі DataLife Engine Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, кеңес отырысының қатысушыларына есебі http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/210-amorshyly-keesn-msheler-kees-otyrysyny-atysushylaryna-eseb.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/210-amorshyly-keesn-msheler-kees-otyrysyny-atysushylaryna-eseb.html

]]>

]]>
admin Mon, 22 Apr 2024 14:02:56 +0600
Қамқоршылық кеңесінің мүшелері, кеңес отырысының қатысушыларына есебі http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/main/201-amorshyly-keesn-msheler-kees-otyrysyny-atysushylaryna-eseb.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/main/201-amorshyly-keesn-msheler-kees-otyrysyny-atysushylaryna-eseb.html Құрметті  қамқоршылық  кеңесінің мүшелері, кеңес отырысының қатысушылары!

      Мектепте балалардың сапалы білім алуы, өздерін жайлы сезінулері үшін барлық жағдай жасалынған. Тәрбие басы білім алушыға  эстетикалық жағдай жасаудан және тазалықтан  басталады.  Тек жайлылық жағдайларда ғана біз рухани бай адам тәрбиелей аламыз. Сондықтан мектептің материалдық-техникалық базасын нығайтудағы орасан жұмыстар мектеп үдерісінің ең басты қатысушылары, мектептің  иелері – балалар үшін жасалады. Мектеп әкімшілігі білім ордасын тек жақсы күтімді ғимарат қана емес, білімнің, сұлулық пен мейірімділіктің нағыз ғибадатханасына айналдыруға тырысады. Барлық мерекелермен, мүшәйралар мұғалімдердің қолымен жасалады.  

2022-23  оқу жылының аяғында мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы 71 % құрады.  2022-2023 оқу жылының 1-тоқсанында білім сапасы 69%, 2-тоқсанында 70 %, 3-тоқсанында 71 % құрады. Оқушылардың білім сапасының төмендеу себептері анықталып, педагогикалық кеңестерде талқыланды.  Ата-аналар, оқушылар арасында сауалнама, оқу жетістіктеріне мониторинг, салыстырмалы талдау жүргізіп, анықталған   олқылықтарды жою мақсатында мектепте іс-шаралар жоспарланды.  Үлгерімі төмен оқушылармен қосымша сабақтар, қосымша білім беру сабақтарын бақылау, психологиялық тренинг, кеңес беру жұмыстары, сабақтарға қатысу, әдістемелік семинар, шеберлік сынып, Веб-конференция, жас мамандармен тәлімгерлік жұмыстары жүргізіліп, мектепішілік бақылау жұмысы күшейтілді. Осы жұмыстың нәтижесінде 2022-2023 оқу жылының аяғында мектеп бойынша оқушылардың білім сапасы 71 % жетті.  

Оқушыларды қорытынды аттестаттауға даярлықты сапалы жүргізу мақсатында, пән мұғалімдері айына 1 рет тестілеу жүргізіп, қатемен жұмысты қосымша сабақтарда жүргізді. 9,11-сыныптарда 3-тоқсанда жаңа форматтағы емтихан материалдары үлгісінде сынақ емтихандар өткізілді.

 9-сынып оқушылары арасында  үздік аттестат үміткерлері мен 11-сынып оқушылары арасында  үздік аттестат үміткерлерімен жоспарлы түрде жұмыс ұйымдастырылды. Оқушылардың ата-аналарымен балаларының жетістіктері жайында кеңес беру жұмыстары,  онлайн-тест, сынақ емтихандары жүргізілді.

            Мектеп ұжымы және оқушылар жыл сайын түрлі байқаулар мен сайыстарға мүмкіндігінше белсене қатысады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің құрметіне салтанатты лездемелер өткізіп, оқушыларды марапаттау дәстүрге айналды.  Аудандық «Абай  оқулары» байқауында  10 «ә»   сынып  оқушысы  Өтебай Аружан, ІІІ орынға  ие болды, жетекшісі Шөкеева Ғ , «Мағжан оқулары»   сайысына  қатысып,   Өтебай А  І орын алып,  15000 тг   сертификатына  ие болып, облыстық байқауға  жолдама  алды.   10 «ә» сынып оқушысы  Шоқан  М  эссе жазудан  5000тг  ақшалай   сыйлық алды. Облыстық  «Ә. Кекілбаев шығармаларынан иллюстрациялық суреттер салу» бағыты бойынша  10 сынып оқушысы   Сейтжапар М  ІІІ орын алса,   «Үздік  кітап оқитын  мектеп»     облыстық  байқауында  Өтебай А    бас жүлдені  жеңіп алды. Жетекшісі Шөкееева Ғ. Аудандық пәндік  олимпиада құқық пәні  бойынша   9 сынып оқушысы Советбек Д ІІ орын, 10 сынып оқушысы  Егемберді  М ІІ орын   алды.     Қазақстан   тарихы  пәні  бойынша      республикалық қашықтық олимпиадасының   І дәрежелі  дипломмен ,  10 б сынып оқушысы    Жақсылық    Рамиля  , Төлеген Ш  «Алтын ұрпақ» оқушылар арасында өткен республикалық  зияткерлік олимпиадасында  ІІІ орын алды.

Жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша 7-8   оқушылар арасындағы олимпиадасында информатика  пәні  бойынша Бақыт Н ІІІ орынға ие болды . Жетекшісі  Сейдахметова С. Физика пәні  бойынша  8 «в» сынып оқушысы  Бақыт А ІІ орынға ие болды Жетекшісі Омарова Д.  8 «в» сынып оқушысы   Жақсылық А химия пәнінен  ІІ орынға ие болды .Жетекшісі Бимырзаева Ж. «Сал домбыра» ІІ республикалық жас   өнерпаздар арасындағы ұлттық әрі   дәстүрлі  өнер байқауына қатысып, ұлттық аспапта ойнау  жанры бойынша    Марат А мен Сарман С ІІ орын   алды. 

 Осы оқу жылында 11 оқушы  үйден оқытылса, 2 оқушы  инклюзивті білім берумен қамтылды. Үйден оқыту  барысы  мектеп   әкімшілігі  тарапынан  үнемі   зерделеніп  отырды.

  Қыздар ұйымының  жетекшісі   Г.Бектұрғанованың  ұйымдастырумен «   Ерте жүктіліктің салдары » атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел қыз  балаларға адамгершілік, адалдық, іс-қимыл,   жүріс-тұрыс   дағдысы, қыз  намысы,   сымбаты  туралы    жан-жақты   мағлұмат  беру  арқылы   қыз   баланың  бойына   рухани –адамгершілік, әдептілік,   сыпайылық,  тиянақтылық, имандылық  тазалық  қасиеттерін   дамыту  туралы  сөз   қозғады.

Халықаралық қыздар күніне орай мектептегі әрбір қыз баланы ибалылық сақтауға баулу, құқықтық, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәрбие беру мақсатында «Арыңды жасыңнан сақта!» тақырыбында 8-11 сынып қыз балаларымен ашық түрде әңгімелесу өтті. Бұл шараға Бірлік ауылдық округінің   «Әйелдер  кеңесінің» мүшесі  Л.Бірімқұлова    қатысып қыз баланың тәрбиесі, қоғамдағы орны, мәдениеті және жеке бас гигиенасы жайлы әңгіме айтылды

7-17 –наурыз 2023 жылы  Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебінде Наурыз мейрамына арналған іс-шаралар болып өтті. Ежелден  жаңарту мен жасампаздықтың бастауы болған Наурыз мерекесінің мәнін түсіндіру     мақсатында  «Жасыл үй» челленджі  акциясы жарияланып,

ағаштар отырғызу, аулалар мен саябақтарды көгалдандыру 9-11  сынып оқушыларының  ұйымдастырылуымен өткізілді. «Қайырымды Ұлт»  27 ақпан 2023 жылы Қ.Рысқұлбеков атындағы орта   мектебінде бастауыш бірлестігінің ұйымдастырылуымен  1-4 сынып оқушылары арасында 8 наурыз  Халықаралық әйелдер күніне орай «Мерекеңізбен анашым!» тақырыбында сурет байқауы  өтті. Оқушылар өз жұмыстарын түрлі түсті бояу мен қағаз қолдана отырып,аналарына деген шексіз махаббаттарын осылайша бейнелеген.Әр суретте өздерінің бәрінен жақсы,ең мейірімді, жақсы көретін   аналарын салған. Байқауға қатысқан    жас қылқалам шеберлері дипломдармен марапатталды. Сурет  байқауы инстаграм парақшасында жүктелінді. 8 наурыз  Халықаралық аналар мерекесіне орай  Қ.Рысқұлбеков атындағы орта   мектебінің қосымша білім беру тәрбиеленушілердің  қатысуымен «Шуағын шашқан аялы алақан!» атты мерекелік кеш   болып өтті. Қ.Рысқұлбеков атындағы орта    мектебінде 5-8 оқушылары  арасында «Менің аяулы анам» атты  фотоколлаж көрмесі өтті. Көрменің ашылу салтанатында концерттік бағдарлама ұйымдастырылып,  дипломдармен марапатталды. Фотоколлаж көрмесі  Қ.Рысқұлбеков атындағы орта   мектебінің   инстаграм парақшасында жүктелінді.

Ж.Помашеваның ұйымдастыруымен  8 наурыз  Халықаралық аналар мерекесіне орай «Үлгілі үйдің қыздары» тақырыбында  қыздар  арасында сайыс өткізді. Сайысқа  8-9 сыныптан   7 ару қыздары қатысып, 5 кезеңі бойынша сайысқа түсті.Қ.Рысқұлбеков атындағы орта   мектебінің  КББП  Н.Солтанаеваның  ұйымдастыруымен  «Қыз өссе елдің көркі» тақырыбында 8-11 сынып қыздары арасында дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстелге мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж. Байқоңырова қатысты. 

«Біз және ғарыш «  3-4-сынып  оқушылары арасында  сурет байқауын  тәлімгер   Ж.Помашева   ұйымдастырды.  Үздік сурет   салған оқушылар  жүлделі орындарға ие болды. 12  сәуір  -Ғылым күніне» орай  7-10 сыныптар арасында «Ұлттық  ойын –халық   мұрасы»тоғызқұмалақ ойындарына 130   оқушы ,  «Жас шахматшы» атты  тақырыпта ойындарына  50   оқушы қамтылып,  ұйымдастырылды.  Іс-шаралар   мектептің  әлеуметтік  желісіне салынды.  

 9 сынып оқушылармен  « Ренішті қалай шешуге болады?» тақырыбында тренинг жүргізілді.

 Мақсаты:  Адам бойындағы жақсы қасиеттерді көру, адами құндылықтарын бағалау. Бір-бірімен қарым-қатынастарын жақсарту, адамгершілікке ,имандылыққа шындыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

5-9 сынып оқушыларымен « Мен өмірді жақсы көремін »- тақырыбында баяндама оқылды.Мақсаты: Суицидтің алдын-алу.

9 сынып оқушыларымен   «Уайымнан арылу жолдары» тақырыбында тренинг жүргізілді.

Мақсаты: 9 сынып оқушыларының мемлекеттік емтиханға психологиялық тұрғыдан дайындау ,оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру.

11 сынып оқушыларымен « Мамандық таңдаудың жеті қадамы» тақырыбында  психологиялық кеңес берілді.

  Мақсаты: Оқушылардың   мамандық таңдауына  көмектесу, бағыт-бағдар беру, психологиялық қолдау көрсету.

5-11 сынып оқушыларымен мектептегі балаларға  қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

4 сынып оқушыларымен психологиялық сабақ өткізілді. Мақсаты: шығармашылық қабілетті, қарым-қатынасты дамыту,өзіндік бағаны қалыптастыру.

9,11- сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау – білім алушылардың негізгі орта  білім беру, жалпы орта білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.  Оқу жылының басында қорытынды аттестаттауға қатысатын оқушылардың мәлімет базасы жасалды, стендттер ресімделді. Мектепте 6  ата-аналар жиналысы, мұғалімдерге арналған 2 оқыту семинарлары өткізілді. Оқушыларды ҰБТ-ге даярлық жұмыстарында «Дарын-онлайн» платформасын , «Мектеп.кз» сайтында онлайн-тест айына 1 рет, тестілеу орталығында тестілеу кітапшалары арқылы тоқсанына 1 рет байқау тестерінен оқушыларды өткізіп, талдау жасалды, нәтижесі директор жанындағы кеңестерде, ата-аналар жиналыстарында талқыланды. Оқушылар қаңтар, наурыз айларында  Ұлттық Біріңғай Тестілеу орталығының ұйымдастыруымен өткізілген тестілеулерге қатысты. 

Жуық арада «Креативті құзыреттілікті қалыптастыру әдістері» тақырыбындағы аймақтық семинар өткізілмек. Мақсаты:  Оқыту   үдерісінде инновациялық  дағдылар мен  креатативті  құзыреттілікке  бағытталған   тиімді  әдістер  арқылы оқушылардың  білім   сапасын  көтеру.

Әлеуметтік   желіде  мектептің  арнайы   жеке  сайттары  бар. Фейсбук,Интраграм парақшаларында мектептің  атқарылып жатқан іс-шаралары, түрлі сайыстар, мен байқаулар , бала тәрбиесіне қатысты  мақалалар мен жариялымдар , әдістемелік  семинарлар, мектеп мақтанышына  айналған   оқушылардың түрлі  деңгейдегі марапаттары мен суреттері , бейнебаяндары лездеме түрінде салынып тұрады.Бүгінгі күні  атқарылып жатқан жұмыстар  осы. Алдағы уақытта оқу-тәрбие үрдісіндегі жоспарлы іс- шараларымызды қарқынды жалғастырамыз. Мектептің материалдық –техникалық базасы  жаз уақытында  басталатын мектептің  күрделі   жөндеу  жұмысынан  кейін заман талабына  сай ақпараттық технологияларды  пайдалануға   мүмкіндік береді деп сіздерді   сендіремін.

]]>
Құрметті  қамқоршылық  кеңесінің мүшелері, кеңес отырысының қатысушылары!

admin Mon, 24 Apr 2023 11:00:49 +0600
Қамқоршылық кеңесінің құрамы http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/155-amorshyly-keesn-ramy.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/155-amorshyly-keesn-ramy.html ]]> ]]> admin Wed, 05 Oct 2022 11:14:54 +0600 Қамқоршылық кеңес http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/154-amorshyly-kees.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/154-amorshyly-kees.html ]]> ]]> admin Mon, 05 Sep 2022 11:13:37 +0600 Қ.Рысқұлбеков орта мектебінде мектеп директоры А.Салибеков есеп берді жұмысын "Қанағаттанарлық" деп бағалады http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/126-ryslbekov-orta-mektebnde-mektep-direktory-asalibekov-esep-berd-zhmysyn-anaattanarly-dep-baalady.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/126-ryslbekov-orta-mektebnde-mektep-direktory-asalibekov-esep-berd-zhmysyn-anaattanarly-dep-baalady.html

]]>

]]>
admin Wed, 27 Apr 2022 17:37:36 +0600
Қ.Рысқұлбеков орта мектебінде мектеп директоры А.Салибеков қамқоршылық кеңес алдында кеңес берді қамқоршылық кеңес мүшелері директор есебін тыңдай оты http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/125-ryslbekov-orta-mektebnde-mektep-direktory-asalibekov-amorshyly-kees-aldynda-kees-berd-amorshyly-kees-msheler-direktor-esebn-tydaj-oty.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/125-ryslbekov-orta-mektebnde-mektep-direktory-asalibekov-amorshyly-kees-aldynda-kees-berd-amorshyly-kees-msheler-direktor-esebn-tydaj-oty.html

]]>

]]>
admin Wed, 27 Apr 2022 17:34:07 +0600
Қ.Рысқұлбеков орта мектебінде мектеп директоры А.Салибеков қамқоршылық кеңес алдында кеңес берді қамқоршылық кеңес мүшелері директор есебін тыңдай отырып, бірауыздан есебін "Қанағаттанарлық" деп бағалады http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/127-ryslbekov-orta-mektebnde-mektep-direktory-asalibekov-amorshyly-kees-aldynda-kees-berd-amorshyly-kees-msheler-direktor-esebn-tydaj-otyryp-brauyzdan-esebn-anaattanarly-dep-baalady.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/127-ryslbekov-orta-mektebnde-mektep-direktory-asalibekov-amorshyly-kees-aldynda-kees-berd-amorshyly-kees-msheler-direktor-esebn-tydaj-otyryp-brauyzdan-esebn-anaattanarly-dep-baalady.html

]]>

]]>
admin Wed, 27 Apr 2022 17:29:42 +0600
Қ.Рысқұлбеков орта мектебінде мектеп директоры А.Салибековтың қамқоршылық кеңесі алдында есеп берді. Қамқоршылық кеңес мүшелері директор жұмысын "қанағаттанарлық " деп бағалады. http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/111-ryslbekov-orta-mektebnde-mektep-direktory-asalibekovty-amorshyly-kees-aldynda-esep-berd-amorshyly-kees-msheler-direktor-zhmysyn-anaatanarly-dep-baalady.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/111-ryslbekov-orta-mektebnde-mektep-direktory-asalibekovty-amorshyly-kees-aldynda-esep-berd-amorshyly-kees-msheler-direktor-zhmysyn-anaatanarly-dep-baalady.html

]]>

]]>
admin Fri, 26 Nov 2021 09:36:35 +0600
Үйде жеке тегін оқыту http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/gosuslugi/standarttary/112-jde-zheke-tegn-oytu.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/gosuslugi/standarttary/112-jde-zheke-tegn-oytu.html Мектептің әлеуметтік педагогы Ш.Тлеулиева мен И.Абдықадырова үйден оқитын 6 "б" сынып оқушысы Смаил Ақниеттің үйне барып, оқушымен әңгіме жүргізді.]]> Мектептің әлеуметтік педагогы Ш.Тлеулиева мен И.Абдықадырова үйден оқитын 6 "б" сынып оқушысы Смаил Ақниеттің үйне барып, оқушымен әңгіме жүргізді.]]> admin Wed, 13 Oct 2021 10:15:09 +0600 «Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімі Қ.Рысқұлбеков атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/80-mojynm-audany-kmdg-blm-blm-ryslbekov-atynday-orta-mekteb-kommunaldy-memlekettk-mekemesn-amorshyly-keesn-hattamasy.html http://ryskulbekov-moiynkum.mektebi.kz/otkrytyj-organ/popechitelskij-sovet/80-mojynm-audany-kmdg-blm-blm-ryslbekov-atynday-orta-mekteb-kommunaldy-memlekettk-mekemesn-amorshyly-keesn-hattamasy.html

]]>

]]>
admin Mon, 07 Dec 2020 08:30:34 +0600